Түркістандық 600-ге жуық азамат «Не работа» қаржы пирамидасының құрбаны болған. Бір жыл ішінде аталған ұйымға 600-ге жуық азаматтың 80,4 млн теңге аударғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2 қаржы пирамидасының жолы кесілген. Анықталған қылмыстық істің біреуі Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тергеу реттілігі бойынша жолданған. Ал, бір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Түркістан облысында «Не работа« деген қаржы пирамидасына қатысты тіркелген қылмыстық іс негізінде тергеп-тексеру амаларды жүргізілуде. Қаржы пирамидасын ойын бизнесі есебінде көрсете отырып, салымшыларға интернет арқылы пайда табуды ұсынған. М. есімді азаматтың банк есепшоттарына талдау жүргізіп, нәтижесінде 2019 жылдың 11 қарашасы мен 2021 жылдың 21 қыркүйегі аралығында 586-дан астам жеке тұлғаның 80,4 мнл теңге аударғаны анықталды», - деді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев.
Түркістан облысында «Не работа» қаржы пирамидасына 600-дей азамат 80,4 млн теңге аударған
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
30.04.2022
Баланың қоғамдағы жүріс-тұрысы үйдегі тәрбиеден басталады
30.04.2022
Түркістан облысында тасқыннан ес жиғандар балшықтың ортасында отыр
30.04.2022
Қазақстан Қырғыз елімен арадағы тауар айналымын екі есеге арттыруға ниетті
30.04.2022