Ауа райы: бүгін еліміздің қай өңірлерінде жаңбыр жауады
«Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. ҚР бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болып, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, орталығында, Алматы облысының шығысында жел 15-22 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.