19 алаяқтыққа қатысы бар елордалық банк қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Жәбірленуші өзінің жеке деректерін белгісіз біреу пайдалана отырып, 2,1 млн теңге несие ресімдегенін хабарлады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жәбірленушінің атына несие Нұр-Сұлтан қаласының банктерінің бірінде рәсімделгені белгілі болды. Полицейлер бұл қылмысқа өтініш берушінің деректеріне қол жеткізген адамның қатысы бар деген нұсқаны қарастыра бастады.
20 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері елорданың 19 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған азамат жәбірленушіге несие рәсімделген қаржы мекемесінің менеджері екені белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің тағы да осындай 18 қылмысқа қатысы барын анықтады. Сонымен қатар, зардап шеккендер – республиканың әртүрлі аймақтарының тұрғындары болып шықты. Ұсталған адаммен келтірілген шығынның жалпы мөлшері анықталуда.
19 алаяқтыққа қатысы бар елордалық банк қызметкері ұсталды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
27.04.2022
Риддерде бір жасар бала есікті іштен құлыптап алып, пәтерде жалғыз қалып кеткен
26.04.2022
Штормовое предупреждение объявлено в семи регионах Казахстана
26.04.2022
Мертвых тюленей обнаружил на берегу Каспия житель Мангистау
26.04.2022