Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды
"Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихатпен келісе отырып, меритократия қағидаттарына сәйкес Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Миржан Сатқанов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Түркия Республикасының Докуз Ейлюл университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарған.
Бұған дейін Орал тұрғындары 2019 жылдың тамызынан бері қала әкімі болып келген Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етіп петиция құрған болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.