Отандық вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды. Мұндай шешімді бүгін Алматы қалалық сотының судьясы шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Прокурор 10 тәулікке қамауға алу түріндегі қабылданған бұлтартпау шарасының күшін жойып, мерзімді екі айға созу бұлтартпау шарасын санкциялауды сұрады.
Сол уақытта Төребаевтың адвокаты бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды талап етті. Оны блогердің әйелі қолдады. Ол күйеуінің ешкімнен тығылмайтынын атап өтті.
Мейіржан Төребаевтың өзі салымшы ретінде қомақты қаржысын салғанын және оны әлі толық ала алмағанын жеткізді. Нәтижесінде судья ауданаралық тергеу сотының қаулысын өзгеріссіз, ал прокурор мен адвокаттың жеке шағымдарын қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Төребаев пен тағы үш адам "қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталып, қамауға алынған болатын. Кейінірек олардың 10 тәулікке тұтқындалғаны белгілі болды.
Алматы қалалық соты танымал блогер мен вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың неге әдеттегідей тергеу мерзіміне берілетін екі айға емес, 10 тәулікке қамауға алынғанын түсіндірді.
Сот Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
26.04.2022
На полицейских завели уголовное дело после попытки суицида пресс-секретаря ДП
26.04.2022
Алаяқтық-диджитализация қозғалтқышы. Немесе клиенттердің деректерін қалай қорғауға болады
26.04.2022
Бывшего финдиректора "Kcell Solutions" осудили за хищение 460 миллионов тенге
26.04.2022