Алматы қаласының прокуратурасы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің не үшін ұсталғанын хабарлады.
21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен 38 жастағы Қайрат Құдайбергенді ұстады.
"Алдын ала тергеу анықтағандай, Қ. Құдайберген А. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман") бірге "Қазақстан" қонақ үйіне адамдарды жинап, оларды Жұмагелдиевтің айналасына топтасуға, оны қолдауға және билікке бірдей талаптар қоюға шақырған. Сондай-ақ адамдарды 10 адамнан "ұяшықтарға" бөліп, ерекшеленіп тұру үшін қолдарына ақ таңғыш байлауға нұсқау берген", - деп мәлімдеді қалалық прокуратура.
Осыдан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, митингке шыққандарды Жұмагелдиев төңірегіне топтастыруға, алаңда жедел штаб ұйымдастырып, билікке талаптар қоюға тырысқан
.
"Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақатын келтірген жаппай төбелеске ұласты", - деді ведомстводағылар.
Қайрат Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысқанын "Қазақстан" қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларынан тәркіленген ұялы телефондардағы бейнежазбалар, куәгерлердің айғақтары растайды.
Прокутура қазір Қайрат Құдайберген Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отырғанын атап өтті.
Бұған дейін Алматы мәслихатының депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайбергеннің Алматыда ұсталғаны хабарланды.
Қайрат Құдайберген адамдарды "Дикий Арманның" төңірегіне топтасуға шақырған – прокуратура
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
22.04.2022
Маңғыстау облысында 4 жасар бала нәрестені теуіп, бас сүйегін майыстырды
22.04.2022
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Qnet қаржы пирамидасының жетекшілеріне қарсы тергеу бастады
22.04.2022
Қаңтарда жазатайым құрбан болған 13 азаматтың отбасына қаржы аударылды
22.04.2022