Қаңтарда жазатайым құрбан болған 13 азаматтың отбасына қаржы аударылды
Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді.
«Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі
Қордың дерегі бойынша, санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңге болды.
Қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.
Сондай-ақ Қор өкілдері Қамқоршылық кеңестің шешімімен қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған барлық қаза тапқан азаматтардың отбасыларына құзырлы органдардан тізімдері нақтыланғаннан кейін төлемақы берілетінін еске салды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.