Алматыдағы қыз алып қашу: полиция жағдайдың мән-жайын анықтады
Полиция қызметкерлері оқиғаның шынайы емес, әлеуметтік эксперимент ретінде түсірілген пранк екенін мәлімдеді.
Бұған дейін жоққа шығарылмаған, Алматының Алатау ауданында болған оқиға – пранк. Осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті. Видеода алып қашпақ болған Т есімді 2004 жылғы қыз екені белгілі болды.
«Мен бұл әлеуметтік эксперимент – пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», – деді ол.
Сондай-ақ полицейлер «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И есімді азаматты анықтады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290 бабы 2 бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.