Қаржы пирамидасына алданатын адамдардың 62 пайызында жоғары білім бар
Qazaqstan.tv-ның дерегінше, былтыр елде 31 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына қаржы салып, 54 миллиард теңгесін жоғалтқан. Полицияда 65 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Мамандар алаяқтарға ең жиі алданатын адамдардың криминологиялық портретін де жасаған.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушісі Орын Тұрлыбаев:
«Қаржы пирамидаларының құрбандары көбісі 31-ден 60 жасқа дейінгі азаматтар. Олардың 74 пайызында жұмыс орны бар, 62 пайызында жоғарғы білім бар», – дейді.
Бұған дейін қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел Алматыдан астанаға келіп, Ішкі істер министрлігінің алдында өзін өзі өртеп жіберген болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.