Мектеп оқушысы TikTok парақшасында лайк жинау үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Факті Іле ауданында тіркеліп, 18 сәуірде жергілікті тәртіп сақшыларына өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен. Кезекші полиция қызметкерімен телефон арқылы сөйлескен оқушы көпқабатты үйдің шатырынан секіру арқылы өз-өзіне қол жұмсауды ұйғарғанын мойындады.
Оқиға орнына учаскелік инспектор келіп, 13 жастағы оқушы қызды мұндай әрекеттен бас тартуға көндірді. Бойжеткен ата-анасына табысталып, полицейлер оған дұрыс тәрбие беру жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізді.
Мектеп оқушысы өз әрекетін кәдімгі балалық еркелікпен ақтап, өз-өзіне қол жұмсауды жоспарламағанын мойындады. Белгілі болғандай, ол сабаққа кешігіп, көңіл көтеру үшін қараусыз қалған екі қабатты ғимараттың төбесіне шығып, полицияға өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлап, бүкіл процесті ұялы телефонына түсіруген.
Іле ауданы полицейлерінің айтуынша, бақуатты отбасынан шыққан жеткіншек, мектеп басшылығы қызды тек жақсы жағынан ғана сипаттайды.
Ол өзін-өзі өлтіру әрекетіне қатысты оғаш мінез-құлқын видеоға түсіріп, TikTok-қа салып, ең көп лайк жинағысы келгенімен түсіндірді, деп қосты аудандық полиция.
Ювеналды полиция инспекторлары кәмелетке толмаған баланы есепке алды. Жақын арада қыз мектеп психологымен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ата-анасына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық заңының 127 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.