Білім және ғылым министрлігі биыл жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режимде 2,5 жылдық бакалавриат енгізеді. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Министрдың айтуынша, көптеген жұмыс беруші кадрлардың өте ұзақ – төрт жыл бойы даярланатынына шағымданады. Сол себепті білім министрлігі пилоттық режимде "қолданбалы бакалаврларды" дайындай бастайды. Бірақ төрт жылдық бакалавриат сол күйі қалады.
"Біз мұны биыл жаңа оқу жылынан бастауды жоспарлап отырмыз. Бірқатар жоғары оқу орнында пилоттық жоба болады. Әзірге елорда мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарына енгіземіз", - деді Аймағамбетов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда министр "қолданбалы бакалавриат" еңбек нарығына не беретінін түсіндірді.
"Қысқа уақыт ішінде, яғни 2-2,5 жыл ішінде практикаға бағдарланған маман еңбек нарығына шығады. Егер ол екі немесе бес жылдан кейін білімін шыңдап, әрі қарай оқығысы келсе, университетке барып, толық бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндігі бар. Университетке түсіп, әрі қарай оқуын жалғастыра алады", - деді Аймағамбетов.
Биыл күзден бастап түлектер 2,5 жылдық бакалавриатқа түсе алады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
19.04.2022
Тоқаев Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты
19.04.2022
Бакалавриат со сроком обучения в 2,5 года появится в Казахстане
19.04.2022
Вице-премьер Скляр утильалымнан бас тарту туралы үндеуге пікір білдірді
19.04.2022