Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

24 жастағы келіншек салмағы 7 келі қыз баланы дүниеге әкелді

Поделиться:
Өзбекстанның Сырдария облысында салмағы 7 келі қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды UZA агенттігі.

Сырдария облысына қарасты аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері Санат Қадыров жаңа туған нәрестенің денсаулық жағдайы жақсы екенін айтады. Оның сөзінше, дәрігерлер мен медбикелер ана мен балаға тиісті медициналық көмек беріп, олардың денсаулығын бақылауда ұстауда. Нәресте кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.

Басылымның хабарлауынша, мұндай жағдай облыс тарихында алғаш рет болып отыр. 1998 жылғы жас ана Сырдария облысында туып-өскен және бұл оның бірінші перзенті.

Айта кетейік, дәл мерзімінде туған (39-40 аптадан кейін туған) ер баланың салмағы 3,5 - 4 келі, қыз баланың салмағы 3-3,5 келі, бойы 47-56 см аралығында болады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также