Алматыда мопедтерді ұрлап келген төрт адам ұсталды

Поделиться:
Алматыда мопедтерді ұрлап келген төрт адам ұсталды. Олардың ұрлық қылмысының бес дерегіне қатысы бары анықталды, деп хабарлайды Наурызбай аудандық полиция басқармасы.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Ахановтың айтуынша, полиция бөлімшесіне ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап мопед ұрлығы туралы шағымдар түсе бастаған.

«Күдіктілердің жеке басы анықталды және қазір қамауға алынды. Олардың қылмыстарының барлығы дерлік видеокамераға түсіп қалған. Күдіктілер түнгі уақытта көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз тұрған көлік құралдарын ұрлап келгенін айтты. Кейін мопедтерді сатып отырған. Осылайша, қаскөйлер екі мопедті сатып үлгерген, тағы үшеуі тәркіленіп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды.


Ұсталғандар, Қазақстанның әр өңірінің тумалары. Олар 1997,1998,2000 және 2003 жылы туғандар. Бірі жас бола тұра, осыған ұқсас қылмыстар үшін бұған дейін сотты болған. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да ұрлық әрекеттеріне қатыстылығы дәлелденуде. Жедел және тергеу шаралары жалғасып жатыр», - деді Дидар Аханов.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также