Елімізде 1 миллионнан астам адам көлік салығын төлемеген. Олардың берешегі 33 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.
Комитеттің мәліметінше, 33 миллард теңгенің 4 млрд теңгеге жуығы өсімпұл қарызы.
«Бүгінгі күні елімізде 1 084 988 жеке тұлға көлік салығын төлемеген. Олардың берешегі 33 млрд 362 млн 813 мың теңге. Оның ішінде өсімпұл құны 3 млрд 866 млн 396 мың теңге», - делінген ведомство ақпаратында.
Мәселен, бір ғана Талдықорған қаласы бойынша көлік салығын 9 мыңнан астам адам төлемеген. Олардың берешегі 245 млн теңге. Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бауыржан Бекежанов борышкерлер берешекті төлемесе мәжбүрлі түрде өндіретін боламыз дейді.
«Төлеуі тиіс қарызына байланысты күнделікті өсімпұл жүріп отырады. Сот орындаушыларына өткеннен кейін белгілі бір кезеңнен кейін банктегі шоттары бұғатталады. Хабарламалар жіберіледі. Көліктері тәркіленіп, айып тұрағына қойылады. Қарызды төлегеннен кейін ғана көліктерін алуға құқы бар», - деді Бауыржан Бекежанов.
Елімізде 1 миллионнан астам адам көлік салығын төлемеген
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
16.04.2022
Рост рождаемости вызвал острую нехватку мест в родильных домах Шымкента
16.04.2022
Оқушысы қызбен жыныстық байланысын жұрт біліп қояды деп қорыққан педагог өз-өзіне қол жұмсады
16.04.2022
Желіде Павлодар атауын өзгертуге қатысты пікір қалдырған ер адам қамауға алынды
16.04.2022