"Ұстаз Ұлытау": Мүмкіндіктер мен шекараларды кеңейту

2022-04-15 20:20:16
Ағылшын тілімен барлық жолдар ашық — мұны жақында Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Ұлытау ауданының ағылшын тілі мұғалімдері мен мектеп оқушылары үшін өткен "English Day" семинары тағы бір дәлелдеді.

Семинардың құрметті қонағы "The Ulytau Educational Foundation "қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Канададан келген Centre for Entertainment Art директоры Стюарт Макилмойл болды.

"Ұстаз Ұлытау": Мүмкіндіктер мен  шекараларды кеңейту


Сондай-ақ, семинарда Жезқазған қаласындағы мектептердің мұғалімдері мен оқушылары арасында ағылшын тілін меңгерудегі үздіктер марапатталды.



Сабақ қорытындысы бойынша Жезқазғаннан он оқушысы мен ағылшын тілінің төрт мұғалімі Ұлыбританияға шетел тілін меңгеру деңгейін арттыру үшін барады.



Бұл сапар Жезқазған қаласы мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдерін"the Ulytau Educational Foundation" қорының "Ustaz Ulytau"педагогикалық трансформация орталығы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарында табысты оқытудың нәтижесі болды. Бұл бағдарлама ағылшын тілді елдерден шетелдік мамандарды – Канада мен Ұлыбританияның оқытушыларын тарту арқылы жүзеге асырылады. Ұлыбританиядағы серіктес колледждерде мұғалімдерді қысқа мерзімді оқыту да бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

Бұл білім беру жобасы "Қазақмыс"компаниялар тобының қолдауымен аймақтағы мектептерде жұмыс істейді.