Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай отшашу болмайды

Поделиться:
Нұр-Сұлтанда Жеңіс күні құрметіне отшашу болмайды.


"Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, отшашу жоспарланбаған", - деді әкімдіктегілер.

Қалалық әкімшіліктің мәліметінше, мамыр айындағы мерекелерде Астанада 40-тан астам іс-шара жоспарланған, оның ішінде 9 мамырда өтетін ірі іс-шаралар:

- "Даңқ гирляндаларын" қою рәсімі;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою;
- Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін "Майдан хаттары" концерт-спектаклі;
- "Жастар" сарайының концерт залында өтетін "Соғыс жолдарымен" концерті;
- Жеңіс күніне арналған цирк бағдарламасы.

Сонымен қатар, 9 мамырда жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ЖОО студенттері арасында жыл сайынғы дәстүрлі жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Эстафета сағат 10:00-де Әлия Молдағұлова ескерткішінің жанында басталып, Жеңіс көшесінде аяқталады.

Аталған іс-шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер талаптарының сақталуын ескере отырып, офлайн-форматта өтеді.

"Жаужүрек полкі" (Өшпес полк. – Ескерту) акциясы әлеуметтік желідегі"Жаужүрек полкі"бірыңғай ақпараттық платформасында онлайн режимінде өтеді деп жоспарланып отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также