Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды
Оқиға Алмалы ауданында болған. Біліктілік сынағы кезіндегі төтенше жағдай туралы оқырманымыз хабарлады.
Жағдайы нашарлаған кезде ғимаратта тіпті дәрігер де болмады, – деп жазды оқырманымыз.
Сондай-ақ оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.
Куәгердің айтуынша, қайғылы оқиға Алматыдағы көлік және логистика академиясында мұғалімдердің біліктілік тесті кезінде болған.
Ешқандай алғашқы көмек көрсетіле алмады. Жедел жәрдеп келгенше адам қайтыс болып кетті, – деді куәгер.
Zakon.kz редакциясы Алматы полиция департаментіне сұрау салды, дерек расталды.
1973 жылы туған азаматтың өлімі фактісі Алмалы аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.