Ресейде жарылған бөгет салдарынан БҚО-да ауыл тұрғындары эвакуацияланды

2022-04-14 08:20:16
Құтқарушылар Чинарево ауылының барлық тұрғындарын шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Қарттар мен балалы әйелдерді автобуспен алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейде бөгеттің жарылуы салдарынан Батыс Қазақстан облысындағы Чинарево ауылын су басу қаупі төніп тұр, деп мәлімдеді КТК. Су қоймасы Орынбор облысындағы ауылдан небәрі 14 шақырым жерде орналасқан.

Құтқарушылар ауылдың барлық тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды ұйғарды. Қарттар мен балалы әйелдерді автобуспен алып шықты. Олар түні бойы Январцево ауылындағы мектепте болды.

Айта кетерлігі, су үйлерге кірмеді. Үй-жайлардың айналасына құм салынған мыңдаған қап қойылды.

Ауылға су жан-жақтан: солтүстік жақтан да, шығыс жақтан да, батыс жақтан да келді. Шығыс жақтан су ауылды айналып өтіп, оңтүстік жақпен кері кетті. Ауыл толығымен су құрсауында қалды.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов

Пустобаев су қоймасының көлемі 8 миллион текше метр болады, бөгеттің саңылауының ені 7-8 метр, оны тез арада жасау мүмкін болмады.

Қазір су деңгейі төмендей бастады, тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат етілді. Құтқарушылар ауыл тұрғындарына қауіп төнген жағдайда сақтанып, қайта эвакуациялануға кеңес берді.

 

Последние новости

14.04.2022
Каспийское море резко отступило от берегов в Актау
14.04.2022
Трое погибли и четверо пострадали в ДТП с участием автобуса в Туркестанской области
14.04.2022
Қазақстанда IT-компаниялар үшін жеңілдіктерді кеңейту ұсынылды
14.04.2022
Туыстардың ұсыныстары ескерілмейді: «Kaspersky» IT-де жұмыс істейтін әйелдердің неге бұл саланы таңдағанын анықтады
14.04.2022
Рекомендации родственников – не в счёт: «Лаборатория Касперского» выяснила, почему женщины, работающие в IT, выбрали эту сферу
14.04.2022
Жерге рекордтық көлемдегі комета жақындап келеді
14.04.2022
Падение со скалодрома: появились подробности инцидента в Шымкенте
14.04.2022
Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелін көшеде сабаған ер адам іздестіріліп жатыр