"Қазақстан халқына" қоры көмек беру туралы шешімді қалай қабылдайды

2022-04-13 16:20:19
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев қайырымдылық қаржысын беру туралы шешім қалай қабылданатынын түсіндірді.

"Біздің қорымызға өтініш көп түседі. Соның бәрін қараймыз. Бірақ кейде шешімді жылдам қабылдау керек. Мысалы, Кореяға жіберілген балаға көмек беруге қатысты шешімді бір-екі күнде қабылдадық. Өйткені баланың жағдайы өте ауыр болды. Сосын Ресейге кішкентай қызды операцияға жібердік. Оған қатысты шешім де бір-екі күнде қабылданды", - деді Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қордың ұйымдастыру жүйесі әлі толығымен жолға қойылмаған. Биыл осы жұмысты аяқтау жоспарланып отыр. Сонда барлық шешім жылдам қабылданады.

"Мысалы, бионикалық протез бар. Оны алу үшін ортопедиялық зауыттармен келісімшартқа отыруымыз қажет. Оған дейін бағдарламаны дайындап, қамқоршылық кеңесінің қарауына шығару керек. Иә, бастапқыда бір-екі балаға бионикалық протез жеткізуге көп уақыт кетсе, одан кейінгі балаларға көмек автоматты түрде жасалады. Себебі ондай құрал-жабдықтарды жеткізу жұмысы жолға қойылады", - деп атап өтті Жәмішев.

Айта кетері, үш айдың ішінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 126,05 миллиард теңге түскен. Осы уақытқа дейін қаңтар оқиғасы кезінде қазас болған ішкі істер және қорғаныс қызметкерлерінің отбасына, сондай-ақ ауыр жарақат алғандарға өтемақы төленді. Кездейсоқ қайтыс болғандардың туыстарына да өтемақы беріле бастады. Бұдан бөлек, орфандық ауруларға шалдыққан балаларға қымбат дәрі-дәрмек сатып алынды.

 

Последние новости

13.04.2022
Педофилам, экстремистам и террористам запретят въезд в Казахстан
13.04.2022
Қаңтар оқиғасы: кездейсоқ көз жұмғандарға өтемақы беріле бастады
13.04.2022
Алматылық азаматты пышақтап, мәйітін өртеп жіберген «қара» риелторлар ұсталды
13.04.2022
Для усиления работы научных сотрудников необходимо усилить вузовскую науку, модернизировать лаборатории, укрепить связь науки с реальным сектором экономики
13.04.2022
Экс-директор ФК "Кайсар" судится ради восстановления в должности
13.04.2022
Қаза болған Шумков күдіктінің дәрігері болған
13.04.2022
Руслан Мағзұмов премьер-министр Кеңсесінің бөлім басшысы болып тағайындалды
13.04.2022
Руслан Магзумов возглавил отдел Канцелярии премьер-министра