Қаңтар оқиғасы: кездейсоқ көз жұмғандарға өтемақы беріле бастады

2022-04-13 16:20:19
Қаңтар оқиғасы кезінде кездейсоқ көз жұмған 8 адамның отбасына өтемақы төленді. Бұдан бөлек, тағы 13 адамның тізімі тексеруге жіберілді. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.

Қор басшысының айтуынша, құзіретті мемлекеттік органдар тізімді қарайды. Тергеу кезінде ол адамдардың кездейсоқ қайтыс болғаны расталуы қажет. Сонда ғана туыстарына өтемақы төленеді.

"Барлығы 211 бейбіт тұрғын көз жұмды деген ақпарат бар. Қазір 8 адамның отбасына өтемақы төленді. Тағы 13 адамға төленуі керек. Сонда әзірше 21 адам болып тұр. Тергеу кезінде қалған адамдар бойынша ақпарат түседі деп ойлаймын", - деді Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, қазір құзіретті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген 13 адамның біреуі тергеу абақтысында қайтыс болған. Осы орайда қор басшысы әрбір отбасыға төленетін өтемақының көлемін де жариялады.

"Әрбір отбасыға 7 миллион теңге беріледі. Әскери қызметші болсын, бейбіт тұрғын болсын, әрбір отбасыға 7 миллионның өтемақысы төленеді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп атап өтті Жәмішев.

Ал қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алғандарға өтемақы төленбейді.

"Біз адамның кездейсоқ жарақат алғанын, я алмағанын анықтай алмаймыз. Ондай құзірет жоқ. Біз нақты рәсімдей алатын нәрсені ғана жасай аламыз. Ал адамның қалай жарақат алғанын дәлелдеу қиын. Оны бәріміз жақсы түсінеміз", - дейді Жәмішев.

 

Последние новости

13.04.2022
Алматылық азаматты пышақтап, мәйітін өртеп жіберген «қара» риелторлар ұсталды
13.04.2022
Для усиления работы научных сотрудников необходимо усилить вузовскую науку, модернизировать лаборатории, укрепить связь науки с реальным сектором экономики
13.04.2022
Экс-директор ФК "Кайсар" судится ради восстановления в должности
13.04.2022
Қаза болған Шумков күдіктінің дәрігері болған
13.04.2022
Руслан Мағзұмов премьер-министр Кеңсесінің бөлім басшысы болып тағайындалды
13.04.2022
Руслан Магзумов возглавил отдел Канцелярии премьер-министра
13.04.2022
Қаржы пирамидасының құрбаны болмау үшін неге назар аудару керек?
13.04.2022
Мужчину подожгли в Алматы: к убийству могут быть причастны "черные риелторы"