Сұйытылған мұнай газын өндіру неге азайды?

2022-04-12 08:20:17
Энергетика министрі Болат Ақшолақов қаңтар-наурызда сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі былтырғы көрсеткіштен артта қалып отырғанын айтты.

Министр мәліметінше, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 717 мың тонна болды. Бұл өткен жыл көрсеткішінің 87.1 пайызы. "Өткен жыл көрсеткіштерінен артта қалу себебі, Украинаға экспорттың тұрақсыз жағдайына байланысты "Теңізшевройл" зауытында өндіріс төмендеуі" деді ол.

Бүгінгі зауыттар ішкі нарық үшін сұйытылған газды штаттық режимде өндіріп жатыр.

"Қаңтар мен наурыз қорытындысы бойынша, шамамен 3.4 миллион тонна мұнай өнімдеді өндірілді. Немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 107.5 пайызды, оның ішінде автобензин көрсеткіші бойынша 1.2 миллион тонна, дизель өндірісі де 1.2 миллион тонна болды.

Бүгінде елімізде бензин, дизель отыны, мұнайдың басқа да жекелеген түрлерін, автомобиль көлігін елден тыс жерге әкетуге тыйым салынған. Оны тағы алты айға ұзарту туралы мәселе пысықталып жатыр", - деді ол.