Отыз жеті миллион: елордалық алаяқтар Жезқазған шаруаларын сан соқтырып кетті
Жезқазған полициясының хабарлауынша, күдіктілерге қатысты арыз 2020 жылдан бастап түскен, деп хабарлады Polisia.kz.
Жәбірленушілердің бәрі ірі және шағын шаруа қожалығының иесі, олар қарда жүретін көлік пен киіз үй сатып алуға және тегін жеткізуге көмектесетінін айтқан адамдарға ақша берген. Шаруалардан 300 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін алған.
"Сонымен қатар олар шаруа қожалықтарына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау қағидалары аясында шығынның бір бөлігі өтеледі деп айтқан. Ауыл тұрғындарының сеніміне кіру үшін кеңсе ашып, үгіт-насихат жүргізіп, жарнама жасаған, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Шығынның жалпы сомасы 37 миллион теңгені құрады", - деп хабарлады Жезқазған полициясы.
28-34 жас аралығындағы елордалық үш азамат ұсталды. Жауап алу кезінде күдіктілер әрекетін мойындап, қылмыс схемасын ашты.
Тергеу аяқталды, күдіктілерге үкім шығару үшін іс сотқа жіберілді.
шаруа қожалығы
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.