Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың жартысына жуығы қауіпті - ДСМ

2022-04-11 08:20:16
Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың 43 пайыздан астамы қауіпсіздік талаптарына сай емес деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

"Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеді, бұл 43,5 пайызды құрады. Оның ішінде, отандық -1 (0,5 пайыз), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 16 (9,2 пайыз), басқа елдер - 156 (90,1 пайыз).

Негізінен, бұзушылықтар: Таңбалауға қатысты 100 пайыз, органолептикалық көрсеткіштер бойынша - 3,4 пайыз, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша - 8 пайыз (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды).

Балаларға қауіті тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді", - делінген хабарламада.

Сауда кәсіпорындарында екі айда 3,6 келі ойыншық сатылымнан шығарылды. Бұл құжатсыз сатылған, талапқа сай емес, негізінен Қытайда жасалған тауарлар: қуыршақтар, автотрансформаторлар, көлік жинақтары, стресске қарсы ойыншықтар.

 

Последние новости

11.04.2022
5 плохих привычек в отношениях, которые многие считают хорошими
11.04.2022
"Не требуй любви"
11.04.2022
Про Верность.
11.04.2022
ЦИТАТА ДНЯ
11.04.2022
Гороскоп на 11 апреля
10.04.2022
Гороскоп на 10 апреля
09.04.2022
70-летние бараки в Павлодаре не признают аварийными
09.04.2022
29-летний водитель выехал на встречную полосу и погиб в ВКО