Нұр-Сұлтанда полицейлер мас жүргізушіні қуған сәт видеоға түсіп қалған
Ведомство мәліметінше, жүргізуші қашуға тырысқан, содан кейін Көктал шағынауданына кірген. Полицейлер оны Тілендиев даңғылында патрульдік көлік көмегімен тоқтатқан. Бірақ жүргізуші полицейлердің қызметтік көлігіне соға бастаған. Тәртіп бұзушыны тоқтату үшін тәртіп сақшылары оның көлігінің дөңгелектеріне оқ жаудырған.
"Тізгінде 21 жастағы жігіт болды. Тексеру нәтижелері бойынша ол мас болғаны анықталды. Тексеру барысында көлік салонынан ресейлік есепке алынған мемлекеттік тіркеу нөмірі табылды. Бұған дейін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын", - деді полиция өкілі.
Тәртіп бұзушыға қатысты бірден 19 әкімшілік хаттама толтырылған. Көлік коммуналды тұраққа қойылған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шешімі бойынша тәртіп бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды, сондай-ақ 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.