Тоқаев қызметінен босатылған әкімдерге алғыс айтты

2022-04-07 16:20:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш облыстың қызметінен босатылған әкімдеріне алғыс айтты, - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға алғысын білдірді", - делінген хабарламада.