Сурдлимпиадаға Қазақстаннан 67 спортшы аттанады

2022-04-07 08:20:22
Керең және қақас еститін спортшылар арасында 2022 жылы өтетін төртжылдықтың негізгі жарысында Қазақстан намысын спорттың сегіз түрінен 67 спортшы қорғайды.

2022 жылдың 1 мамыры мен 15 мамыры аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында XXIV Жазғы cурдлимпиада ойындары (немесе Дефлимпиада) өтеді.

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Zakon.kz желілік басылымы жолдаған сауалға берген жауабында Сурдлимпиадаға медаль алу мүмкіндігі жоғары спортшылар ғана жіберілетінін хабарлады.

Осылайша, жарысқа Қазақстаннан аттанатын 67 спортшы баратын болды, олар спорттың сегіз түрінен сайысқа түседі.

Спортшыларды спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыратын және өткізетін, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайтын Қазақстанның аға жаттықтырушылары іріктеді.

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Спортшыларды дайындауға арналған оқу-жаттығу жиындарын мемлекет қаржыландырды.

Комитет спортшылардың жыл сайын күнтізбелік және қаржылық жоспар бойынша белгіленген шектерде халықаралық жарыстарға қатысатынын, сондай-ақ емдеу-сауықтыру құралдарымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

2017 жылы Түркияның Самсун қаласында өткен Сурдлимпиадада Қазақстан атынан құлағында мүкісі бар 50 спортшы қатысқан еді. Сурдлимпиадашыларымыз жеті медаль жеңіп алд: бір алтын, бір күміс және бес қола.
2017 жылғы түзетулерге сәйкес, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және 4-6-орындарға ие болғандарға Үкімет резервінен Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен 6 үздік спортшыға берілетін сыйақақыға тең мөлшерде сыйақы төленеді.

Сонымен, Сурдлимпиада спортшылары мен олардың жаттықтырушыларына Сурдлимпиада-2022 ойындарындағы жеңісі үшін мемлекеттен 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар, 30 мың доллар, төртінші орынға 30 мың доллар, бесінші орынға 10 мың және алтыншыға 5 мың доллар ақшалай сыйақы беріледі.