Павлодарда бала уланды: фармацевт дәрілерді шатастырып алған
Полицияға кішкентай баланың улану дерегі бойынша қоңырау түскен.
"Қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 3 жасар балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. Павлодар қаласының тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға "антидепрессанттармен улану" диагнозымен жатқызылған. Кейін фармацевт қала тұрғынына дәріні қателесіп сатқаны белгілі болды", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 317-бабы ("Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.