Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтіріп кетті

2022-04-04 16:20:17
Оны аңшы мылтығынан, бүгін таңертен атып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада «Ұстау» операциясы жарияланып, полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсіреді.

Күдікті Алатау ауданы аумағында қолға түсті.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір кісі өлімінің себебі анықталуда.

Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.