Вячеслав Дудник денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

2022-04-04 16:20:17
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Вячеслав Юрьевич Дудник Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Білімі:

Қарағанды ​​медицина институты (1986)

«Емдеу ісі» мамандығы

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Медицина ғылымының докторы

Еңбек өтілі:

Қарағанды ​​облыстық клиникалық ауруханасының 1 хирургия бөлімінің мейіргер, Қарағанды ​​(10.1983 – 05.1984);

Қарағанды ​​облыстық клиникалық ауруханасының 2 хирургия бөлімінің мейіргері, Қарағанды ​​(05.1984 – 06.1986);

Қостанай қалалық ауруханасының хирургия бөлімінің дәрігер-ординаторы, Қостанай (08.1986 – 07.1987);

Қостанай облыстық онкологиялық диспансері емханасының онкологы, Қостанай қ. (07.1987-01.1989);

Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінің абдоминальды онкология бөлімінің онколог-хирургы, Қостанай қ. (01.1989 – 05.1997);

Қостанай облыстық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Қостанай қ. (05.1997 – 06.1997);

Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері, Қостанай қ. (06.1997 – 02.2005);

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы директорының міндетін атқарушы (02.2005 – 03.2005);

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының директоры (03.2005 – 09.2006);

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының директоры, Шымкент қ. (09.2006 – 03.2008);

Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының медициналық орталығының меңгерушісі, Астана қаласы (03.2008 – 03.2009);

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің медициналық орталығының «Орталық клиникалық аурухана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің м.а., Астана қаласы (03.2009-05.2009);

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің медициналық орталығының «Орталық клиникалық аурухана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері, Астана қаласы (05.2009 – 09.2012);

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары, Астана қаласы (09.2012 – 12.2014);

«Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің медициналық орталығының ауруханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері, Астана қаласы (12.2014 – 05.2016);

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері, Астана қаласы (05.2016 – 04.2017);

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, (10.2018 – 2021 ж.)