Қазақстанда шахталық тіреуіштер шығарыла бастады

Поделиться:
Сұранысқа ие өнімді елімізде алғаш рет Ақтөбе рельс-арқалық зауыты шығара бастады.

Қазақстанда тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары қазба жұмыстары мен тоннельдердің күмбездерін нығайту мақсатында пайдаланатын СВП 22 шахталық тіреуіштерді өнеркәсіптік өндіруге кірісті.

ҚР ИИДМ «бұл өндіріс тау-кен саласын қазақстандық өндіріспен қамтуды арттырып, өндірістік материалдар мен жабдықтар импортын 90-95 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді» деп отыр.

Шахталық жұмыстар барысындағы қауіпсіздік, кеншілердің өмірі мен денсаулығы көбінесе шахта тіреуіштерінің сенімділігіне байланысты болады. Сондықтан зауыт өкілдері арнайы ауыстырылатын профиль ГОСТ-қа сәйкес шығарылатындығына баса назар аударады.

СВП 22 профилінен сақиналы бекіткіштер мен 3-5 буыннан тұратын әмбебап аркалы иілгіш бекітпе жасалады, олар ерекше беріктікті және жүктемеге төзімді материалдарды қажет етеді. Сонымен бірге СВП 22 шахталық тіреуіштерінің бірқатар артықшылығы бар. Атап айтсақ, пайдалану мерзімінің ұзақтығы, бастапқы пішінін өзгертпей топырақ салмағына төзу қабілеті, бұйымның отқа төзімділігі мен күрделі жағдайларда бірнеше рет пайдалану мүмкіндігі.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также