Kaspi.kz және Halyk Bank қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды

Поделиться:
Қазақстандық банктердің мобильдік қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

"Былтырғы жылдың аяғынан бері "ҰАТ" АҚ, Kaspi және Halyk мамандарымен бірге Цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларға шығару бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгін осы мүмкіндік ресми түрде іске қосылады",- деп жазды Бағдат Мусин Facebook-те.

Министр қазір 10 миллион қазақстандық тұрақты түрде цифрлық құжаттар сервисін қолданатынын айтты.

"Бұл өте ыңғайлы, өзіңмен бірге құжаттың түпнұсқасын алып жүру қажет емес. Бүгіннен бастап сервис Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларында қолжетімді. Себебі халық мемлекеттік қызметтерге біздің ғана емес, өздеріне ыңғайлы, күнделікті қолданатын арналары арқылы қол жеткізгенін қалаймыз", - деді ол.

Бұл функционал адамның өз келісімі болған жағдайда ғана қосылатынын айта кеткен жөн.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также