Қызылорда аялдамаларында 22 миллионға орнатылған электрон тақтайша жұмыс істемейді

Поделиться:
Облыс орталығындағы қалаішілік автобустардың қозғалысы туралы ақпарат беретін электрон тақтайшалар әлі іске қосылмаған. Тақтайшаларда тек ауа райы туралы ақпарат көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қалалық әкімдік мәліметінше, тақтайшаларды орнатуға облыстық бюджеттен 21 миллион 700 мың теңге бөлінген.

"Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша "Ақнұр Авто" ЖШС мердігерлік ұйымы осындай 26 тақтайшаны орнатты. Мемлекеттік сатып алу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету конкурсы бойынша "Алемпэй" ЖШС мердігерлік ұйымы ақпараттық таблоларды орнатып, пайдалануға беру бойынша жұмыс істеді. Оған 6 миллион теңге бөлінді. Ақпараттық таблода "Қызылорда Автобус Паркі" ЖШС-да қызмет көрсететін 5 автобустың аралық жиілігі көрсетіледі (№1, 11, 14, 17, 18)", - деп атап өтті әкімдік қызметкері.



Шенеуніктердің айтуынша, қала әкімінің орынбасары бірнеше рет жеке тасымалдаушылармен GPS және автобустарға электрон төлем жүйелерін орнату бойынша кеңестер өткізген. Алайда автокөлік иелері белсенділік танытпай, арнайы құрылғылар орнатудан бас тартқан.

"Жеке тасымалдаушылар электрон билет беруге көшсе, тақтайшада жеке тасымалдаушылар автобустарының жүру жиілігі көрсетіледі", - деді әкімдік өкілі.


Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также