«Алдағы уақытта доллар құны тағы төмендей ме?» – KASE жауабы

2022-03-31 08:20:18
Кешегі кешкі бағадағы көрсеткішке сәйкес KASE сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 459,15 теңге межесінде белгіленді.

Kurs.kz сайтында Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 457 теңге, сату – 463 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылуда.

KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская доллар бағамының соңғы уақытта төмендеуін былай түсіндіреді:

«30 наурызда бір АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 459,15 теңге болды. 2022 жылғы 15 наурызда тіркелген тарихи максимуммен салыстырғанда теңге 53 теңгеге немесе 10,5%-ға нығайды. Соңғы екі аптадағы орташа күнделікті сауда көлемі 156,7 миллион долларды құрады, бұл 2022 жылғы орташа сауда көлемінен сәл төмен. Айдың қорытындысы бойынша ұлттық валюта үшін сыртқы және бірқатар ішкі факторлар қолайлы әсер етіп отыр», - дейді Наталья Хорошевская.

Оның айтуынша, наурыз айының бірінші онкүндігінде KASE индексі біршама позицияларын қалпына келтірді. Наурыздың ортасында Ресей мен Украина арасындағы геосаяси жағдай тұрақталып, соғыс қақтығыстарының саябырсуы рубльдің артынша, теңгенің «жағдайын жақсартты.

«Ақша нарығының бағамы да жанама трендте, яғни тұтастай алғанда қаржы нарығы көрсеткіштерінің тұрақтануын көрсетеді. Әсіресе, сыртқы факторлар теңге бағамының қүшеюіне оң әсер етіп отыр. Алдағы уақытта да теңге бағамы айтарлықтай тұрақталады. Доллардың әлсіреп, теңгенің күшеюіне наурыздың үшінші онкүндігінің басынан бері Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 110 доллардан жоғарылағаны да оң ықпал етіп отыр», - дейді KASE басқарма төрағасының орынбасары.