Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 2 айда 70 пайызға өсті

Поделиться:
2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 6 миллиард доллар болды, бұл 70,9 пайыз, - деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

QazTrade АҚ мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңінде өзара сауда көлемі тек 3,5 миллиард доллар болған.

2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт 84,4 пайызға өсіп, 5,2 миллиард доллар болды.

ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында 14 пайызға өсіп, 767,5 миллион доллар болды.

ЕО елдеріне экспорттың өсуі төмендегі жеткізілімдердің артуымен байланысты:

шикі мұнай 81,2 пайызға 4,6 миллиард долларға дейін;
ферроқорытпалар 2,5 есе 96,3 миллион долларға дейін;
өңделмеген алюминий 2,5 есе 58 миллион долларға дейін;
бидай 13,2 есе 31,7 миллион долларға дейін;
мұнай өнімдері 40,4 пайызға 94,6 миллион долларға дейін;
табиғи газ 4,3 есе 35,5 миллион долларға дейін.
ЕО елдерінен Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар мыналар:

бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар;
вакциналар, қан сарысуы, қан;
турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштар, газ турбиналары;
ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер;
есептеу машиналары;
құбырларға арналған арматура;
телефон аппараттары;
қара металдардан жасалған бұйымдар.


Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также