А.Саин: Бизнес деген кейбір шенеуніктердің «бюджетті игеруден» көрген пайдасы ғана ма?

2022-03-30 16:20:44
"Бүгінгі күні бүкіл қазақстандық ата-аналар, жаттықтырушылар, ұстаздар мен балалар шенеуніктер қарсылық танытып отырған әр баланың спорт және шығармашылықпен айналысу құқығы үшін күресуде.

Былтырғы жылы мемлекет бюджет қаражатын – біздің салықтарымызды халықтың, балаларымыздың нақты қажеттілігіне бағыттай бастаған еді. Алайда жергілікті әкімдік қызметкерлері ел азаматтарының пікірін елемей, бюджет қаражатын басқаша басқаруға дағдыланған. Олар бюджеттегі миллиардтаған ақшаны түкке керексіз шараларға, концерттерге, кәсіби ұжымдарға, қысқаша айтқанда, халыққа ешқандай пайда әкелмейтін заттарға жұмасауды әдет қылып алған. Демек бұл біреулерге өте пайдалып болып тұр!

Балалар секциялары мен үйірмелері мемлекеттік тапсырыс бойынша сәтті жұмыс істей бастағанын байқаған шенеуніктер көп ұзамай бюджеттің басым бөлігі балаларға жұмсалатынын түсінді.Себебі Artsport платформасынан бір тиын да ұрлау мүмкін емес. Осыны сезген шенеуніктер реформаның ары қарай дамуына қасақана бөгет жасай бастады, тіпті, оны толығымен жойып жіберуді көздейтін көрінеді.

Шенеуніктер үйірмелер мен секциялардың «бизнеске» айналып бара жатқаны ұнатпайды екен... Шамасы, олар өздерінен басқалардың ақша тапқанын жат нәрсе деп санайды.

Ал үйірмелер мен секциялар өз үй-жайларын ақылы түрде жалдайды, жаттықтыруды/оқытуды ұйымдастыру шығындарын көтереді, САЛЫҚ төлейді, қызметкерлерге, мұғалімдерге еңбекақы береді, сонымен қатар зейнетақы, медициналық сақтандыру және т.б.жарналарын төлейді.
Artsport қызмет жеткізушілері бірнеше айдың ішінде бүкіл Қазақстан бойынша он мыңнан астам жұмыс орынын ашты! Реформаның арқасында балалармен жұмыс істейтін адамдар өз еңбегі үшін лайықты жалақы ала бастады.

Иә, әрине, бұл бизнес! Сонымен бірге бұл ақысы төленетін еңбек! Бұл біздің балаларымыздың игілігі үшін ары қарай дамуы тиіс адал бизнес.
Әлде бизнес деген кейбір шенеуніктердің «бюджетті игеруден» көрген пайдасы ғана ма?"

Аружан Саин, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Дереккөз: facebook.