Александр Винокуровтың ұлы велоспорттан медаль алды
Жоғары стандартты медаль, яғни алтын ерлер арасындағы Азия чемпионатында топтық жарыста үздік атанған қазақстандық велошабандоз Глеб Брусенскийге бұйырды. Айта кетейік, медальдің барлығы қазақстандықтардың қоржынында – күміс жүлде Даниил Пронскийге бұйырса, Александр Винокуровтың ұлы Николай қола алып, үздік үштікке енді
Бәрі маған қарсы болып көрінді. Италиядан кейін мен ауырып қалдым, температура 40-тан жоғары болды. Жарыстан шығып қалам деп ойладым. Қолынан келгенше емделдім. Бүгін де жарыс кезінде жолды кесіп өтіп бара жатқан сиырларға соғылып кете жаздадым. Жігіттер жарады.
Глеб Брусенский
Ал 28 наурызда бірінші болып жасөспірімдер жарысы басталды. Топтық жарыста қазақстандық спортшы Алина Спирина жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілсе, Дарья Қазақбай қола медальмен марапатталды. Бірінші орынды Өзбекстаннан келген шабандоз София Каримова иеленді.
Дәл осы бағдарламада 111 шақырымға топтық жарыста өнер көрсеткен жасөспірімдер арасында екі қазақстандық медаль алды. Максим Тараскин құрлық біріншілігінің күмісін, ал Илья Карабутов қоланы жеңіп алды. Бәйгенің жеңімпазы өзбек шабандозы Самандар Султанов атанды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.