"Шәйнек, табақ, пышақ". Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ыдыс-аяқ дүкенін тонаған күдікті ұсталды
Күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері табалар, шәйнектер, табақтар, пышақтар және басқа да ас үй ыдыстарын тәркілеген.
"Жаппай тәртіпсіздік кезінде төтенше жағдайды пайдалана отырып, А. есімді азамат сауда орталықтарының бірінде орналасқан ыдыс-аяқ бутигіне заңсыз кіріп, жалпы құны бес миллион теңгеге жуық ас үй ыдыстарын алып кеткен. 32 жастағы азамат қылмысын мойындады. Ол бірнеше бейнебақылау камерасына, соның ішінде куәгерлер видеосына түсіп қалған. Дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3 бөлігінің 3 тармағымен ("Ұрлық") сараланады", - деп түсіндірді Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Жедел уәкілдер ұрланған ас үй ыдыстарын тәркілеп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркеген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.