Наурыз – түркі халықтарының астрономия күн күнтізбесі бойынша көктемнің келуін білдіретін мейрам. Ол табиғат пен адамның жаңаруын, жаңа бастаманы білдіреді. Қазір бүкіл әлемге бұрынғыдан көбірек жағымды эмоциялар қажет. Coca-Cola бұл күндері баршаға көктемнің жылуы мен жағымды сәттердің сиқырын сыйлайды.
Осыған байланысты Coca-Cola өзінің мерекелік рәміздерін пайдалана отырып, үміт, бірлік пен жігерлік сияқты хабарламаларын осындай қиын уақытта жеткізуге ұмтылады. Осы көктемде бір-біріңізге тек өзіңізде бар нәрсені сыйлаңыз. Компания адамдар арасындағы қарым-қатынастың шынайы сиқырын жырлауды жалғастырып, сіз үшін нағыз таңғажайып дуэт дайындады. Халық әртісі, Қазақстанның «алтын дауысы» Роза Рымбаева мен «Грэмми» сыйлығының иегері диджей Иманбек Зейкенов бірігіп, қазақстандықтар әр көктемді қарсы алатын «Наурыз-думан» атты әнінің ремиксін тыңдармандарға ұсынды. Бұл әнде сөздің авторы, қазақтың ақыны Мұқағали Мақатаев Наурыз мейрамының бүкіл болмысын жеткізсе, сазгер Талғат Сарыбаев оған музыкалық мәнер беріп, әсерлі дыбыстармен толықтырды.
Роза Рымбаева мен Иманбек бір-біріне ұқсамайтын стильде жұмыс істейтін екі түрлі дәуірдің өкілі болса да, оларды музыкаға деген махаббат, бірлікке деген ұмтылысы және Coca-Cola біріктірді. «Наурыз-думанда» Иманбек әртүрлі форматымен, оның ішінде құралдарымен, формасымен, мақсатымен және жасалу тәсілімен ерекшеленетін екі стильді қосуға тырысты. Иманбек жасаған саунддизайн халық арасында кең тараған «Наурыз-думан» әнінің қайырмасына жаңа тыныс берген сыңайлы. Ремиксті диджейдің Yandex.Music/Apple Music/YouTube сияқты музыкалық платформалардан тыңдауға болады.
Айта кетейік, биыл «Наурыз-думан» әніне 33 жыл. Роза Рымбаева бұл әнді алғаш рет 1989 жылы Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияда өткен жеке концертінде орындады. Содан бері «Наурыз-думан» халық әртісінің шығармашылығында ерекше маңызды орын алады. Түрлі зерттеулерге сүйенетін болсақ, егер Coca-Cola сөзі әлемнің барлық тілдерінде ең танымал екінші сөз болса, қазақстандықтар арасында «Наурыз-думан» әні дәл сондай танымалдылыққа ие.
Одан басқа, Coca-Cola мейрамға орай үш қалада – Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте түрлі іс-шаралар дайындады. Аталмыш қалалардың тұрғындары мен қонақтары қоғамдық орындарда алтыбақан теуіп, ұлттық дәстүрлі ойындарды ойнай алады. Сондай-ақ, алтыбақанның жанында мерекелік инсталляция Coca-Cola шөлмегімен суретке түсе алады.
Музыка Coca-Cola компаниясының негізгі құралдарының бірі. Өйткені музыканың универсалды тілі бүкіл әлеммен сөйлесуге және де жаңа дарынды тұлғаларды ашуға мүмкіндік беріп, өмірдегі жағымды әрі бақытты сәттерге шабыттандырады. Келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Үйлеріңізде тек бейбітшілік пен бірлік орнасын.