Мұнай бағасы өсіп жатыр
Нұр-Сұлтан уақытымен 10.04-тегі жағдай бойынша, Brent маркасына мамыр фьючерстерінің бағасы 4,7 пайызға, ал барреліне 120,91 долларға дейін, WTI-дің мамыр фьючерстерінің бағасы 4,25 пайызға, 113,92 долларға дейін өсті.
РИА Новости мәліметінше, мұнай бағасы АҚШ Энергетика министрлігі бір апта ішінде елдегі қор күтпеген жағдайда төмендегені туралы хабарлағаннан кейін тез өсе бастаған. 18 наурызға дейін АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры 2,5 миллион баррельге төмендеген. Ал сарапшылар 0,1 миллион баррельге артады деп күткен еді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай өнімдерінің қоры күткеннен де тез төмендеп кеткен. Сонымен қатар, АҚШ-тағы бензин қоры бір апта ішінде 2,9 миллион баррельге төмендеген, ал сарапшылар тек 2 миллион баррельге төмендейді деп жоспарлаған. Дистиллят қоры 2,1 миллион баррельге төмендеген, болжам бойынша 1,4 миллион баррельге төмендеуі керек еді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.