Киберқауіпсіздік өнері: «Kaspersky» Kaspersky Symphony XDR-ды ұсынады
«Kaspersky» бизнесті кешенді қорғауға арналған Kaspersky Symphony шешімдерінің жаңа желісін іске қосты. Онда ақпараттық қауіпсіздікке қатысты экожүйелік тәсіл іске асырылған. Желі тығыз интеграцияланған өнімдердің белгілі бір жиынтығы бар төрт деңгейден тұрады. Ең жоғары деңгей XDR (Extended Detection and Response) санатының кешенді қорғаныс шешімі — күрделі кибершабуылдарды анықтау мен оларға ден қоюдың кеңейтілген жүйесі болып табылады. Бұл жергілікті орнатуға арналған мұндай үлгідегі алғашқы ресейлік шешім.
Kaspersky Symphony келесі деңгейлерді қамтиды: Kaspersky Symphony Security — физикалық және виртуалды түпкілікті құрылғыларды түбегейлі қорғау (EPP); Kaspersky Symphony EDR — бұл өзіңіздің кибер қорғанысыңызды құру үшін қауіптерді анықтаудың және әрекет етудің жетілдірілген жүйесі (EDR); Kaspersky Symphony MDR — негізгі EDR функциялары бар басқарылатын сараптамалық қорғаныс (MDR); Kaspersky Symphony XDR - XDR форматындағы компанияның жаппай киберқауіпсіздігі.
Kaspersky Symphony XDR - дің негізі тәуелсіз сарапшылардың ең жоғары бағалауларын, талдаушылар мен пайдаланушылардың мойындауын үнемі алатын EDR және EPP сыныптарының дәлелденген шешімдерінен тұрады. Оларды түпкілікті нүктелерден тыс жұмыс істейтін басқа қуатты АҚ-өнімдері толықтырады. Желінің осы деңгейінің ерекшелігі қызметкерлердің кибер сауатын арттыру бойынша платформасының (Kaspersky Automated Security Awareness Platform), қауіптер туралы жаһандық талдамасының (Kaspersky Threat Intelligence) және МемКШСАЖ-дың кіріктірілген модулінің болуы болып табылады. Осы өнімдегі өнімдердің жиынтығы ұйымдарға ең күрделі киберқауіптерге қарсы тұруға және реттеушілердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Kaspersky Symphony XDR экономиканың кез келген саласындағы компанияларға жарамды, бірақ оның функционалдылығы қаржы ұйымдары, мемлекеттік органдар, телекоммуникациялық компаниялар және сындарлы ақпараттық инфрақұрылым (САИ) субъектілері үшін барынша өзекті болады. Олар кең IT-инфрақұрылымға ие және көбінесе күрделі нысаналы шабуылдардың мақсатына айналады. «Kaspersky»-дің мәліметтері бойынша Ресейдегі ірі компаниялардың осындай бір оқиғадан орташа шығыны 2021 жылы орташа есеппен 700 мың АҚШ долларын құрады.
Желінің барлық деңгейлері киберқауіпсіздік саласындағы бизнестің негізгі міндеттерін шеше алатын «Kaspersky» өнімдерінен тұрады. Бұл ретте Kaspersky Symphony XDR қолданыстағы АҚ-шешімдермен ықпалдасу мүмкіндігін жоққа шығармайды және сол арқылы бұрын салынған инвестицияларды сақтауға мүмкіндік береді.
Экожүйе дамуды жалғастырады: жаңа кросс-өнім сценарийлерін ұсыну, бұлтты жеткізуді қолдау, сондай-ақ Brain4net сатып алу арқылы мүмкін болатын SASE* тұжырымдамасын қосу жоспарда бар.
«Біз компаниялардың киберқауіпсіздік мәселелеріндегі экожүйеге деген ұмтылысын атап өтеміз. Барлық құралдар бір-бірімен үйлестірілген кезде және кез-келген мәселелерді бір терезе режимінде шешуге болатын болса, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі басқарылатын болады және нәтижесінде тиімдірек болады. Бұл АҚ қызметіне инциденттерді анықтаудың және оларға ден қоюдың орташа уақытын қысқартуға көмектеседі, кадр тапшылығы дәуіріндегі сарапшылардың жұмысын жеңілдетеді, стратегиялық міндеттерді шешу үшін ресурстарды босатады. Осының барлығы бизнестің тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді, — дейді «Kaspersky»-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов. - Kaspersky Symphony-да іске асырылған тәсіл АҚ нарығындағы ұсыныс сапасының деңгейін арттырады. Жаңа желі ірі және орта компаниялар тарапынан қызығушылық тудырып, үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдіміз».
Kaspersky Symphony туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.
* SASE (Secure Access Service Edge) — желілік қауіпсіздік моделі, онда қорғаныс құралдары мен желілік технологиялар қызметкерлердің желілік ресурстарға жылдам және қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін бір провайдерден бұлтты қызметтер топтамасында жеткізіледі.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.