Түркістан облысындағы жанармай тапшылығына қатысты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Желтоқсанның 9-ы күні бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласының және Түркістан облысының жанармай құю бекеттерінде бензин тапшылығы туындағаны туралы ақпарат тарады. Осыған орай "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қазіргі уақытта барлық үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыты қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспардан тыс орындалып жатыр", - деді компания.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты тәулігіне шамамен 6 мың тонна бензин өндіріп шығарады. Зауыттан бензин мұнай берушілердің өтінімдеріне сәйкес уақтылы жіберілуде және тәулігіне 6 мыңға жуық тоннаны құрайды. Бұл көлемнің шамамен 2 мың тоннасы Түркістан облысына жөнелтіледі.
"Осылайша, Шымкент өңдеу зауыты тарапынан өңірде бензин тапшылығын тудыратындай еш негіз жоқ. ҚМГ диспетчерлік-сараптау орталығының деректеріне сәйкес осы жылдың 10 желтоқсанындағы жағдай бойынша Түркістан облысының мұнай базаларында АИ-92 маркалы бензин қоры 15,4 мың тоннаны құрайды, бұл облыстың 12 күндік тұтынуына тең", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, компания өкілі, бензин тапшылығы Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеумен байланысты туралы ақпараты шындыққа жанаспайтынын, себебі ПМХЗ-да жөндеу жұмыстары осы жылдың қазан айында аяқталатынын айтты.
Еске салайық, осыған дейін Түркістанда жанармайға қатысты шу шықты. Ол тек ірі жанармай құю станцияларында ғана қолжетімді болды. Жағдайға қатысты облыс әкімдігі өңірдегі жанармай тапшылығы Павлодар зауытының уақытша жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты екенін айтты.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии