Ақтөбедегі Россовхоз кентінде құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортері табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Техника сол облыстағы инженерге тиесілі екендігі анықталды.

Ол бронетранспортерді шамамен 2000 жылдары сатып алған. Кейінен құр тұрғандықтан, сатуға шешім қабылдаған.

Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр.

БТР Ақтөбедегі коммуналдық автотұраққа қойылды