Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Кабулда бірнеше жыл бойы жұмыс істеген "Ариана" тарихи кинотеатрын жабуға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Los Angeles Times сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, тәліптер үнді, еуропалық және америкалық фильмдер көрсетілген кинотеатрлардың жұмысы шариғат ережелеріне қайшы деген қорытындыға келген.
Кинотеатр қызметкерлері қайта ашады деп үміттеніп, жұмысқа шығып жүр, бірақ олар ойын-сауық фильмдерін көрсетуге рұқсат бермейді деп ойлайды. Қозғалыс өкілдері қаланың бірнеше басқа кинотеатрларын жауып тастағаны атап өтілді.
Бұған дейін "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салған еді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии