Қырғызстандық миллиардер, депутаттыққа үміткер Шаршенбек Әбдікерімов тұңғыш қызына күйеу таңдау үшін кастинг жариялады, деп жазды Kaktus media.

Кастинг 19 қараша күні 12:00 Нарын облысы Ат-Башинск ауданында өтеді. Қырғызстанның ең бай отбасыларының бірімен құда болуға ниет білдіргендер аз емес. Штаб мәліметінше, көршілес елдерден де кастингке қатысуға өтініш бергендер бар.



Кастингтің өтетін уақыты: Нарын облысы Ат-Башы ауылы, М. Жунусова, 7а көшесі.

Кастинг шығыны кандидат Ш.Әбдікерімовтің сайлау қорынан төленді.