Желіде тараған видеодан спортшы мен атышулы блогер бірге түскен фильмге арналған шарада бой көрсеткенін байқауға болады. Кенет Қуат Хамитов камера алдында Байзақовамен бірге суретке түсіп жатып, оны көтеріп алады.
"Біз жеңдік! Айжан, күні мен уақытын белгіле! Мен дайынмын", - деп жазды файтер видео сипаттамасында.
Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырды.
"Той қашан", "Махаббат адамды таңдамайды", "Қуат Айжанға ғашық", "Үйленіп кетіп жүрмеңдер" , - деп жазды олар.
Айта кетейік, осыған дейін Айжан Байзақова мен Қуат Хамитов отандық фильмде басты рөлді сомдағанын жазған едік. Кейін спортшы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, кинодан алған әсерімен бөліскен болатын.
Комментарии