Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Атырау облысында саябақта баланы тоқ соқты

Поделиться:
Атырау облысы Құрманғазы ауданында 11 жастағы баланы саябақта тоқ соқты.

Туыстарының айтуынша, оқиға 2 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыз кезінде болған. Саябақта серуендеп жүрген бала көше шамы бағаналарының бірін қолмен ұстаған, сол кезде оны тоқ соққан. Тоқ қуаты салдарынан бала жансақтау бөлімінен бірақ шықты.

Аудандық аурухана хирургі Нұрғиса Шолпановтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.

"Ол үш күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Денесінде діріл, сонымен қатар тыныс алу жеткіліксіздігі мен жүрек соғысында ақау болды. Реаниматологтар оған дер кезінде қажетті көмек көрсетті. Қазір оның жағдай біртіндеп оңалып келеді. Тоқ соққан кезде ең алдымен жүрек-қан тамырлары жүйесі зардап шегеді. Қазір оған қайтадан ЭКГ жасаймыз. Нәтижелер облыс мамандарына жолданады", - деп түсіндірді ол.
Құрманғазы ауданының орталық саябағы тек биыл ғана әкімдік балансына берілген. Қазіргі күні жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен баланың ата-анасы жергілікті әкімдіктен бұл мәселенің орын алу себебін түсіндіруді талап етіп отыр. Олар әзірге полицияға жүгінбеген.



Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также