Әлеуметтік осал топтардан шыққан 50 мыңнан астам бала колледждерде оқу үшін грант иеленді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылмен салыстырғанда жеңілдіктер бойынша оқуға түскен талапкерлердің саны 16 мыңға артты. Бұл квота санаттарының тізімін кеңейтудің нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың колледждерге түсуі үшін квоталар енгізілді. Бұл жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар. Сондай-ақ квота бойынша мемлекеттік білім гранттарын ауыл жастары да иеленді, – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Биыл еліміздегі колледждерге 9-11 сыныптардың 95 мыңнан астам түлегі оқуға түсті. Әсіресе, медициналық және шығармашылық мамандықтар сұранысқа ие болды.
Биыл колледждерге қабылдау 25 маусымда басталып, 31 тамызға дейін жалғасты.
Гранттар "ақша студентпен бірге жүреді" қағидаты бойынша бөлінді, бұл орын алған жаңашылдықтардың бірі. Яғни, егер бұрын-соңды мемлекеттік тапсырыс орындарын колледждер бойынша комиссия бөлетін болса, енді бұл процесс барынша ашық бола түсті. Жаңа ережеге сәйкес, талапкер қай колледжді таңдаса, бюджет қаражаты да сол оқу орнына бағытталады.
Сонымен қатар егер бұрын талапкерлер тек 1 мамандық пен 1 колледжді ғана таңдай алса, биыл түлектерге 4 мамандық пен 4 колледжді таңдау мүмкіндігі берілді.
Гранттарды бөлу ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылды. Бұл да ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Биыл колледждерге 95 мыңнан астам түлек оқуға түсті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
07.09.2021
Шымкентте 24 жастағы жігітті өлтіріп, терісін сылып тастаған(ВИДЕО)
07.09.2021
1479 пациентов с коронавирусом находятся в тяжелом состоянии – Минздрав РК
07.09.2021
Тамыздағы құрғақшылық соңғы бес жылдағы рекордты жаңартты
07.09.2021