Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Құрлысшы болып кіріп, құл болып шықты: Түркістанда ер адамға күштеп мал баққызған

Поделиться:
Түркістан облысының жайылымдарының бірінде ер адам үш ай бойы тегін жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Ол жерге оны алдап апарып, құжаттарын тартып алған, деп хабарлады Бірінші арна "Еуразия"


Сергей Манько бұған дейін салт-жоралғылар бюросында жұмыс істеген. Біраз уақыт қара жұмысшы болды. Сол кезде клиенттерінің бірі 70 мыңға құрылыста жұмыс істеуге шақырған.

Ер адам жұмыс берушіге келгенде ол құжаттарын алып қалып, оны мал бағуға жіберген.

"Ол мені мәжбүрледі. Малды бақ деді. Жайылымда бір отар қойды жаяу, атсыз бақтым. Абырой болғанда бұрын спортпен шұғалданған едім, әйтпегенде аяқтарым шыдамайтын еді. Ол мені тегін жұмысқа жегіп, құл етті. Үнемі осында боласың, тегін жұмыс істейсің деп айтты", - дейді ол.

Ауыр әрі тегін жұмысқа шыдамаған Сергей Манько қашпаққа бел буады. Қашу туралы жоспарды ойластырып, таң бозынан ел ұйқыда жатқанда жайылымнан тайып тұрды. Осылайша Шымкентке жетіп, қоғамдық ұйымдардың біріне көмекке жүгінген.

Оған полицияға арыз жазуға және заңгер жалдауға көмек көрсетілетін болды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также