Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Жағы мен қабырғасы сынған: ер адам азаматтық некедегі әйелін сабап тастады

Поделиться:
Полицейлер 46 жастағы Ақмола облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ер адам өзінің азаматтық некедегі әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінген деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамызда жәбірленуші полицияға жүгінген. Келіншек азаматтық некедегі күйеуі мас күйінде өзіне дене жарақатын салғанын айтқан. Екеуінің жанжалдасуына қызғаныш себеп болған.

Полицияның мәліметінше, ер адам бұған дейін есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің сол жақ жағының төмен тұсы мен қабырғасы сынған. Әйелдің денсаулығына орташа ауыр зиян келтірілген. Тәртіп сақшылары ер адам мен келіншек ішімдік ішу барысында жанжалдасып қалғанын анықтады.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также