Атырауда шымкенттік жігіттен 2 млн теңге бопсалады деп күдіктелген ару қамауға алынды
Полицейлер атыраулық бойжеткенді 18 жастағы жігітінен ақша алып жатқан сәтінде ұстағаны хабарлаған еді. Тәртіп сақшыларына көмекке жүгінген жігіттің айтуынша, сүйіктісі одан “Зорлау” фактісі бойынша жала жауып, үстіңнен іс қозғатамын" деп ақша талап еткен.
Жігіттің сөзіне сенсек, оқиға бірнеше рет қайталанған. Алғашында оның екі миллион теңгесін алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша сұраған. "Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады", - деп мәлімдеген болатын құзырлы мекеме.
Бүгінде тергеу соты тәртіп сақшылары жинақтаған іс материалдарын қарап, бойжеткенді ұстау туралы санкция бергені белгілі болып отыр. Енді ол сотты тергеу изоляторында күтеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 1-бөлігі "Қорқытып алу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер бойжеткен өзге де жігіттерді бопсалауы мүмкін деп күдіктенеді. Қазіргі уақытты бойжеткеннің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан қаласында қонақүйде ер адамды бопсалады деп күдіктелген әйел ұсталғанын жазған едік.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.